Міндеті мен стратегиясы
АЗЫҚ-ТҮЛІК КЕЛІСІМШАРТ КОРПОРАЦИЯСЫНЫҢ МИССИЯСЫ
Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысу және астық нарығы жөніндегі оператордың функцияларын орындау арқылы Қазақстан Республикасының астық саласын дамытуға жәрдемдесу.
АЗЫҚ-ТҮЛІК КЕЛІСІМШАРТ КОРПОРАЦИЯСЫНЫҢ ПАЙЫМЫ
Астық нарығында мемлекеттің саясатын жүзеге асыратын және корпоративтік басқарудың жоғары стандарттарына сай келетін қаржылық тұрақты, орнықты дамып жатқан операциялық компания.
ҚЫЗМЕТТІҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАҒЫТТАРЫ
1. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және астық нарығын тұрақтандыруға қатысу
1-мақсат. Астықтың резервтік қорын ұстап тұру
1-міндет. Астықтың резервтік қорын сатып алу, сақтау, жаңарту және пайдалану
2-мақсат. Астық пен ӘлМАТ бағасын тұрақтандыруға қатысу
1-міндет. Астық нарығындағы интервенциялар (қажет болған жағдайда)
2-міндет. ӘлМАТ қорларын қалыптастыру және өңірлердің тұрақтандыру қорларын қалыптастыруға жәрдемдесу
2. Егіс алқаптарын әртараптандыруға және АӨК субъектілерін қаржылық қолдауға жәрдемдесу
1-мақсат. Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының өндірісін ынталандыру
1-міндет. Ауыл шаруашылығы дақылдарын форвардтық сатып алу
3. Ауыл шаруашылығы дақылдарының сапасы мен егін шығымдылығын арттыруға жәрдемдесу
1-мақсат. Ішкі нарықтың жоғары сапалы астық тұқымдарына қажеттілігін қанағаттандыру
1-міндет. Тұқым қорын қалыптастыру және басқару
4. АӨК-нің тұрақты азықтық базасын құруға жәрдемдесу
1-мақсат. Ішкі нарықтың азық-түлікке деген қажеттілігін қанағаттандыру
1-міндет. Жемдік қорды қалыптастыру және басқару
5. Астық экспортының дамуына жәрдемдесу
1-мақсат. Астық экспорты көлемінің өсуі және сыртқы өткізу нарықтарында орнығу
1-міндет. Жеткізілімдерді тұрақтандыру және экспорттық операцияларды әртараптандыру
2-міндет. Экспорттық партияларды шоғырландыру
3-міндет. Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымы шеңберінде агенттік функцияларды жүзеге асыру (қажет болған жағдайда)
6. Азық-түлік келісімшарт корпорациясы қызметінің тиімділігін арттыру
1-мақсат. Қаржылық орнықтылықты қамтамасыз ету
1-міндет. Меншікті капитал мен активтерді пайдаланудың тиімділігін арттыру
2-мақсат. Корпоративтік басқару жүйесінің тиімділігін арттыру
1-міндет. Корпоративтік басқарудың үздік тәжірибесін енгізу
2-міндет. Адами капиталды дамыту
Азық-түлік корпорациясы ҰК АҚ 2021-2030 жылдарға арналған стратегия жоспары