Басқарма мүшелеріне сыйақы беру және жыл ішіндегі жұмыс қорытындылары бойынша сыйақы мөлшерін айқындау және оны төлеу туралы шешім қабылдау рәсімдерінің саясаты
«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ (бұдан әрі - Корпорация) Директорлар кеңесінің 2019 жылғы 6 ақпандағы №1 шешімімен бекітілген «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы мен мүшелеріне еңбекақы төлеу, сыйлықақы беру және әлеуметтік қамсыздандыру шарттары туралы ережеге сәйкес Корпорация қызметінің нәтижелері үшін жауапкершілікті арттыру және сыйақы беру үшін объективті негіздер жасау мақсатында корпорацияның директорлар кеңесі бір жыл ішіндегі қызметтің стратегиялық және жеке негізгі көрсеткіштерін (ҚНК) орындау нәтижелері бойынша Корпорацияның басшы қызметкерлерінің қызметін бағалайды.
Корпорацияның Төрағасы мен Басқарма мүшелеріне есепті жылғы жұмыс қорытындылары бойынша сыйақы төлеу аудиттелген қаржылық есептілік негізінде корпорацияның қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері белгіленген тәртіппен бекітілгеннен кейін есепті жыл үшін таза шоғырландырылған пайданың болуы шартымен стратегиялық және жеке ҚНК-ға қол жеткізуге және олардың қызметін бағалау нәтижелеріне қарай Корпорацияның Директорлар кеңесінің шешімі бойынша жүзеге асырылады.
Ұлттық басқарушы холдингтердің (Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда), ұлттық холдингтер мен акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі ұлттық компаниялардың, сондай-ақ ұлттық басқарушы холдингтердің (Ұлттық әл-ауқат қоры тобының құрамына кіретін ұлттық компанияларды қоспағанда), ұлттық басқарушы холдингтердің құрамына кіретін ұлттық компаниялардың әкімшілік шығыстарының жекелеген түрлерінің лимиттеріне және оларға мониторинг жүргізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 1266 қаулысымен айқындалған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу механизміне сәйкес осы сыйақының жалпы жылдық көлемі 6 (алты) лауазымдық айлықақыдан аспауы тиіс.