food ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі

Сенім телефоны:

+7 (7172) 591-284

Азық-түлік корпорациясы жемшөп қорын қалыптастыру үшін 2022 жылғы егіннің астығын форвардтық сатып алу бағдарламасына қатысу үшін өтінімдер қабылдаудың басталғаны туралы хабарлайды.

Астықты форвардтық сатып алудың 2022 жылға арналған негізгі шарттары:

1. «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» ҰК» АҚ форвардтық сатып алуды мынадай тәртіппен қаржыландырады:

қамтамасыз етуді ұсынғаннан кейін алдын ала төлем;

астықты жеткізгеннен кейін күзгі кезеңдегі қосымша ақы.

2. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің түрлері: жұмсақ бидай (Triticum aestivum L.), арпа.

3. Форвардтық сатып алу арқылы сатып алынатын астық үшін алдын ала төлем көлемі:

№ р/с

Дақылдардың атауы

Алдын ала төлем көлемі, теңге/тонна

Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация
кепілдігі

Екінші деңгейдегі банк
кепілдігі

ҚҚС-пен

ҚҚС-сыз

ҚҚС-пен

ҚҚС-сыз

1

Жұмсақ бидай (Triticum aestivum L.)

80 000

71 500

120 000

107 000

2

Арпа

80 000

71 500

100 000

89 500

 

ҚҚС-пен - ҚҚС төлеушілер үшін.

ҚҚС-сыз - ҚҚС төлемейтіндер үшін.

 

4. Міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету – әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияның кепілдігі немесе Азық-түлік келісімшарт корпорациясының контрагент-банктерінің тікелей және шартты міндеттемелері бойынша белгіленген лимиттер шегінде екінші деңгейдегі банктің кепілдігі;

5. Өнім берушінің міндеттемелерді орындау мерзімі - 2022 жылғы 1 қарашаға дейін.

6. Жеткізу шарты - EXW «франко-зауыт» (Инкотермс-2020) Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы белгілеген астық қабылдау кәсіпорындарына.

7.Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы ауыл шаруашылығы өнімін сатып алу бағаларын жеткізу кезеңінде нарықта қалыптасқан бағаларға, ауыл шаруашылығы өнімін өндіру көлеміне, негізгі шекара өткелдеріндегі ұқсас ауыл шаруашылығы өніміне экспорттық бағаларға байланысты белгілейді.

8. Форвардтық сатып алу АШӨ өндірумен айналысатын Өнім берушілерден, оның ішінде үйлестіру кеңесі айқындаған және әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияның және/немесе екінші деңгейдегі банктің кепілдігін берген (Корпорация бекіткен белгіленген лимиттер шеңберінде) азаматтық заңнамаға сәйкес бірлескен қызмет туралы шарт/консорциум келісімі негізінде жай серіктестік/консорциум құру арқылы жүзеге асырылады.

9. Форвардтық сатып алуға қатысатын жеткізушілерге қойылатын талаптар:

1) салық төлеу бойынша берешектің, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарды төлеу бойынша берешектің болмауы;

2) қаржы институттары алдында 30 күннен астам мерзімі өткен берешегінің болмауы;

3) берешекті қайта құрылымдау ресімін қолдану, оңалту туралы немесе банкрот деп тану туралы сот шешімдері бар дәрменсіз борышкерлердің тізімдерінде болмауы, сондай-ақ сомаларды өндіріп алу/міндеттемелерді мәжбүрлеп орындау туралы орындалмаған сот актілерінің болмауы;

4) сот актілерімен және/немесе қылмыстық/азаматтық/әкімшілік істер материалдарымен белгіленген астықтың нақты болуымен қамтамасыз етілмеген астық қолхаттарын Азық-түлік келісім-шарт корпорациясының пайдасына беру фактілерінің болмауы;

5) Жеткізушіде және/немесе Жеткізушімен үлестес (байланысты) тұлғаларда (үлестестігін белгілеу мүмкін болған кезде) Азық-түлік келісім-шарт корпорациясымен және/немесе оның еншілес және тәуелді ұйымдарымен даулы құқықтық қатынастардың болмауы;

6) Азық-түлік келісім-шарт корпорациясының ішкі нормативтік құжаттарында көзделген өзге де талаптар.

 

Әлеуетті жеткізушілердің форвардтық сатып алуға қатысуға өтінімдері Азық-түлік келісімшарт корпорациясының интернет-ресурсында электрондық нысанда қабылданады (www.fcc.kz) немесе қағаз түрінде Азық-түлік келісім-шарт корпорациясының облыстық өкілдіктерінде келесі мекен-жайлар бойынша қабылданады:

Ақмола облысы: Көкшетау қ., Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 19, тел.(8-716-2) 55-11-51, 55-11-54, 55-11-52, 42-25-22, +7 701 795 09 98;

Қостанай облысы: Қостанай қ., Тәуелсіздік к-сі, 147, тел. (8-714-2) 53-11-44, 54-28-20, 54-28-94;

Солтүстік Қазақстан облысы: Петропавл қ., Партизанская к-сі, 160, тел.(8-715-2) 42-27-24, 42-27-23, 55-11-64, 55-11-61;

Шығыс Қазақстан облысы: Өскемен қаласы, Бейбітшілік көшесі, 30, 206 кеңсе, тел. (8-723-2) 25-44-77, 56-06-57.

Өтінім нысаны мен қажетті құжаттар тізімін Азық-түлік келісім-шарт корпорациясының www.fcc.kz сайтынан жүктеп алуға болады.

Форвардтық сатып алу жөнінде қосымша ақпарат алу үшін Азық-түлік келісім-шарт корпорациясының Орталық аппаратына хабарласыңыз:

8 (717-2) 59-12-39 (ішкі 2375), 59-12-65 (ішкі 2026), 59-13-07 (ішкі 2279).

 

Өтінім