Тәртіптер
«Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ (Корпорация) ішкі нарықта астық сатуды жасырын биржа саудаластықтары арқылы жүзеге асырады.
2013 жылдан бастап Корпорация астық сату кезінде қосарлы қарсы жасырын аукцион тәрізді биржа саудасының ерекше алдыңғы қатарлы құралдарын пайдалануды белсенді түрде дамытуда.
Астықты тиеу Корпорацияда мемлекеттік астық ресурсарын және Корпорацияның коммерциялық астық ресурстарын сақтауға уәкілеттік берілген АҚК-дан EXW (франко-элеватор) шарттарында жүзеге асырылады.
Корпорация экспортқа астық сатылымдарын жүзеге асырады, оның ішінде:
- Коммерциялық қызметті жүзеге асыру процесінде коммерциялық ресурстардан астық тиеу;
- Мемлекеттік астық ресурстарын басқару агентінің міндеттерін орындау шеңберінде үкіметаралық келісімдер бойынша мемлекеттік сатылатын ресурстардан ізгілік көмекке астық жеткізілімін жүзеге асырады.
Корпорацияның астық экспортының негізгі көлемі Иран, Орта Азия және Кавказ елдері сияқты қазақстандық астықтың дәстүрлі өтім нарықтарына келеді.
Иран Корпорацияның сату нарықтарының құрылымында қазақстандық астықты ірі импорттаушы ретінде экспортқа тиелетін астықтың жалпы көлемінің 60% -дан көбін құрайды. Соңғы жылдары Корпорация ирандық серіктестермен тығыз байланыс орнатты, осыған орай аталған бағытқа астық импорты Корпорация астығын импорттаушы басқа елдерге қарағанда айрықшы жоғары болып отыр.
Көпшілік жағдайда оған Каспий теңізіндегі Ақтау портында және Амирабад портында жеке меншік астық терминалдарының болуы себеп болды. Сонымен қатар, Корпорация Иранға астық экспорттау кезінде теңіз бағытына баламалы бағыт – Түркіменстан арқылы транзитпен жаңа теміржол тарамдарын пайдаланады.
Корпорация басқа қазақстандық экспорттаушылармен қатар Кавказ өңіріне, бірінші кезекте Әзірбайжан және Орта Азия (Қырғызстан, Тәжікстан) елдеріне астық жеткізілімін жүзеге асырады.
Сондай-ақ, Корпорация Қытай және Оңтүстік Шығыс Азия елдері сияқты жаңа перспективалық бағыттарға астық экспортының географиясын кеңейтуді жоспарлап отыр.
2012 жылдан бастап Корпорация ҚХР нарығын табысты игеріп отыр, бұл аталған елде астықты тұтыну көлемінің артуымен байланысты болып отыр, Корпорация жақын арада осы бағытқа экспортқа астық тиеуді арттыруды жоспарлап отыр.
Алдағы уақытта Оңтүстік Шығыс Азия елдеріне астық жеткізілімін жүзеге асыру үшін КНР-дың транзиттік әлеуетін белсенді пайдалануды жоспарлап отыр.
Корпорация көрсетілген астық өтімдерінен басқа Қазақстанның Ресей Федерациясымен шекаралас өңірлеріне де астық тиейді, бұл өңірлерде қазақстандық астық сапа көрсеткіштерінің жоғары болуына байланысты көп сұранысқа ие.
Сонымен қатар, астықпен сауда жасаудың негізгі теңіз бағыттарына тікелей рұқсаттың болмауына қарамастан, бидайдың әлемдік импортының 30%-дан астам үлесіне келетін Солтүстік Африка және Таяу Шығыс елдеріне Корпорация экспорттық астық жеткізілімдерін жүзеге асыру мүмкіндіктерін тұрақты түрде зерделеп отырады.
Корпорация астықты сыртқы нарыққа Инкотермс (FOB, CPT, DAP және т.б.) халықаралық қағидалар шарттарына сәйкес өткізеді.