Компания туралы
«Астық қоймалары» ЖШС «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің 2003 жылғы 3 қарашадағы шешімімен құрылды, серіктестіктің жалғыз акционері «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ болып табылады.
«Астық қоймалары» ЖШС мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі 2003 жылғы 6 қарашадағы № №14867-1901- ЖШС.Серіктестіктің негізгі қызмет түрі бидайды сақтау, кептіру, толық дайындау, қайта өңдеу болып табылады.
Өндірістік кәсіпорын Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында орналасқан.
«Астық қоймалары» ЖШС мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:
- автомомбиль және темір жол көлігінде астықты қабылдау/тиеу бойынша қызметтер;
- қажетті кондициялық нормаға дейін астықты кептіру және толық дайындау бойынша қызметтер;
- сақтау тәртібін сақтай отырып, астықты сақтау бойынша қызметтер, сондай-ақ астықтың сандық және сапалық сақталуын қамтамасыз ететін іс-шаралар;
- ұн өнімдерін өндіру.
Компаниядасапалы қызмет көрсету үшін барлық қажетті өндірістік және көліктік инфрақұрылым бар.
«Астық қоймалары» ЖШС-ге 4 астық қабылдау кәсіпорны кіреді. Олардың жалпы астық сақтау сыйымдылығы - 490 мың тоннадан астам.
Компания қызметінің негізгі мақсаты жауапты сақтауда орналасқан астықтың сандық-сапалық сақталуын қамтамасыз ету болып табылады.
Байланыс ақпараты
+7 (7172) 73-87-62 ( 1001) - Директор
+7 (7172) 73-87-62 ( 1002) - директордың орынбасары
7 (7172) 73-87-62 ( 1000) - қабылдау (кеңсе)