Компания туралы
«Сарапшы аграрлық компания» ЖШС
«Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ (бұдан әрі - Корпорация) Директорлар кеңесінің 2004 жылғы 22 қазандағы шешімімен Корпорацияның еншілес ұйымы - «Сарапшы аграрлық компания» ЖШС (бұдан әрі – Серіктестік) құрылды,Корпорация жарғылық капиталда 100 % үлесі бар оның жалғыз құрылтайшысы болып табылады.
«Сарапшы аграрлық компания» ЖШС - коммерциялық кәсіпорын, компанияның стратегиясы төмендегідей қызмет түрлерін жүзеге асыру арқылы пайда алу болып табылады:
- нарық конъюнктурасын зерделеу және ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің қызметінің мониторингін жасау;
- ауыл шаруашылығы бизнесін сараптау;
- агроөнеркәсіптік кешенде инвестициялық жобаларды іске асыру.