БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 (7172) 591-232;

Факс: +7 (7172) 317-366;

E-mail: mail@fcc.kz;

Cенім телефоны: +7 (7172) 591-284.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алу департаменті:

+7 (7172) 591-222, 591-248;

Коммерциялық департамент:

+7 (7172) 591-276, 591-241

Астықты ауыстырып тиеу тәртібі

«Ақ Бидай-Терминалы» АҚ (Ақтау порты) арқылы астықты тиеу кезіндегі экспорттаушылардың іс-қимылдарының реттілігі 

Қолданылатын терминдер:

Терминал – «Ақ Бидай Терминалы» АҚ- «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының аумағында орналасқан астық терминалы. Терминал сәйкесінше Мемлекеттік кірістер комитеті бөлінісінің қызмет көрсету аумағында орналасқан.

Астық (жүк) – сапасы бойынша сипаттамалары, ҚР заңнамасында көзделген тиісті нормативтері көрсетілген, пломбаланған астық тасығыш вагондармен кемелік партияларда Терминалға жеткізілетін экспортқа ресімделген тауар.

Экспортшы — астықтың меншік иесі (сатушы).  Экспортшы Терминалда астықты экспортқа шығару және ауыстырып тиеу, оның ішінде т/ж вагондарын жөнелту бойынша барлық рәсімдерді өз  бетімен орындауға немесе оның мүдделерін білдіруге, оның атынан, ҚР заңнамасына сәйкес астықты экспорттаушының тапсырмасы бойынша  іс-қимыл жасауға құқығы бар Өкілге (өкілдерге) оларды орындауды жүктеуге құқығы бар.

Экспедитор – порттағы элеватордан кемеге дейін астық тасымалдауды ұйымдастыру бойынша толық қызмет көрсететін экспорттаушының немесе оның экспедиторының агенті (кедендік ресімдеу, сертификаттау, вагондарды бөлу және жөнелту, ауыстырып тиеуді, жалдау ақысын және т. б. ұйымдастыру) және Ақтау порт станциясынан порттағы кемеге дейін учаскеде астықты тасымалдауды ұйымдастырумен, оның ішінде кедендік ресімдеуді, коносаменттерді, карго манифестерді және сертификаттарды ресімдеуді ұйымдастырумен, сондай-ақ «КаскорТрансСервис» АҚ т/ж жолдары бойынша жүкті жөнелтумен айналысатын кәсіпорын.

Халықаралық инспекциялық компания – тәуелсіз сараптаманы, жүктерді инспекциялау және тексеруді (оның ішінде астықтың сапалық сипаттамалары) және көлік құралдарын (вагондар, кемелер және т.б.) жүзеге асыратын компания. 

Сюрвейер – кемелер мен жүктерді қарауды жүзеге асыратын және олардың жай-күйі, мөлшері жөнінде қорытынды беретін халықаралық инспекциялық компанияның сарапшысы. Сонымен қатар, сюрвейер жүк тасымалдаушылар мен жүк иелеріне кеңес береді, тексеру рәсімдерін бақылайды, сертификаттар мен құжаттарды зерттейді және т.б.

 

р/с

Орындаушы

Іс-шара

Ескерту/құжат түрлері

1 қадам.  Ауыстырып тиеуге сұрау салу

1.1.

 

     

Экспорттаушы*

 

     

- «Ақ Бидай-Терминалы» АҚ-ға ауыстырып тиеудің қолданыстағы тарифтері және шарттары туралы сұрау салады немесе «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ сайтында орналасқан Қоғамның электронды бетіне өтініш жазады;

Сұрау салу еркін түрде

1.2.

 

     

Терминал

 

     

- Экспорттаушыға  ауыстырып тиеудің қолданыстағы тарифтері және шарттары туралы мәлімдейді;

 

   

Терминал дәнді ауыстырып тиеу үдерісіне қатысатын басқа ұйымдар мен шаруашылық субъектілер жұмысы бойынша әлеуетті клиенттеріне қандай да бір түсініктемелерді бере алмайды.

2 қадамПортта шарттар жасау

2.1.

 

   

 

 

 

Экспорттаушы**

 

     

 

 

 

- өздігінен немесе Экспедитор арқылы «Ак Бидай-Терминалы» АҚ дәнді ауыстырып тиеу бойынша қызмет көрсету келісімшартын құрайды;

- Ақтау порт станциясынан Терминалға дейін кірме т/ж жолдарын пайдаланғаны үшін «КаскорТрансСервис» АҚ шарт жасайды және қызмет көрсету ақысын төлейді;

- Терминалмен кемені беретін күнді келіседі.

- Ауыстырып тиеудің үлгі шарты (pdf);

Экспорттаушы** қажетті шарттарды жасау үшін тиісті ұйымдарға өз бетінше жүгінеді.

- Көліктік-экспедиторлық қызметтерді көрсетуге шарттың үлгісі (doc);

- Кірме жолдарды беру қызметтеріне шарттың үлгісі (pdf);

 

3 қадам. Вагондарға тапсырыс беру және астық тасығыш вагондардың қозғалысын келісу

3.1.

 

 

    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Экспорттаушы**

 

 

    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-  ККЖ АБЖ ( «Келісімшарттық және коммерциялық жұмыс» автоматтандырылған басқару жүйесі) арқылы «ҚТЖ ҰК» АҚ  вагондар жоспарын алу үшін (бөлінетін вагон саны, дән көлемі, жүк тиеу және жүк түсіру бекеттері) сұраным беруді жүзеге асырады. Бұл жағдайда «ҚТЖ ҰК» АҚ өздігінен ««АХТСП» ҰК» АҚ және 

«Ак Бидай-Терминалы» АҚ вагондар жоспарын, сонымен қатар жүк түсіру бекеті және «Астык Транс» АҚ теміржол бөлімшелері бойынша орындау үшін вагондар жоспарының бағытын келісімдеуді қамтамасыз етеді;

«Ақ Бидай-Терминалы» АҚ сауалды қарап, өз келісімін береді немесе негізді түрде бас тарту туралы хабарлайды. 

Терминалдың Вагондар жоспарын келісімдей алмауының себептері:

- Терминал қуаттарының шамадан тыс жүктелуі (бос сыйымдылықтардың болмауы);

- дәнді ауыстырып тиеу бойынша қызмет көрсету Келісімшартының шарттарын орындамау, дәлірек айтқанда Терминалмен жүк жеткізу кестесін ұсыну және келісімдеу, Терминалмен кеме беру күнін келісімдеу, сонымен қатар Экспорттаушының кеме атауын, жүк көтергіштігін, Ақтау портындағы кеме иесі мен кеме агентін хабарлаудың міндеті.

- Терминал қызметтеріне жоғары сұраныс жағдайында,  отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында, басқа да жағдайларда  «Ак Бидай-Терминалы» АҚ СТ-КЗ Қазақстанда шығарылған сертификаты бар клиенттерге артықшылық беріледі.

- Жоспарлы/жоспардан тыс тасымалдауға өтінімнің үлгісі  (Тасымалдау ережесіне № 2 қосымша, № ГУ-12 нысаны) (pdf)

«Ақ Бидай-Терминалы» АҚ жауабының үлгісі

4 қадам. Астық қабылдау кәсіпорнынан жүкті жөнелту

4.1.

  

 

 

Экспорттаушы**

      

 

 

-  «Астық Транс» АҚ-ға  тиеу станциясынан (ларынан) қажетті вагон санын бөлуге өтінім береді, т/ж тарифі мен қосымша алымдарды төлейді, т/ж кодтарын және көлік нұсқаулықтарын алады;

тиеу станцияларында вагондардың саны мен берілу күні көрсетіліп, өтінім беріледі;

 - Вагондармен іс-қимыл жасауға өтінімнің нысаны (Вагондар операторларының қызмет көрсету шартына қосымша) (pdf).

Экспорттаушының т/ж станциясы бастығының атына өтінішінің үлгісі (pdf)

4.2.

  

 

 

 

 

 

 

 

 

Экспорттаушы *

    

 

 

 

 

 

 

 

 

тауарды жөнелту құжаттарының пакетін ресімдейді:

вагонның жөнелтпе құжаты;

- шығарылған жері туралы сертификат (бар болған жағдайда);

- фитосанитарлық сертификат;

- сынамалар хаттамасы;

- Еуропа елдері қауіпсіздігіне сәйкестігі туралы декларация

- сапа төлқұжаты;

- инвойс;

- экспорт келісімшартында көзделген басқа да құжаттар (МысалыХалықаралық инспекциялық компанияныңсертификаты).

 

4.3.

   

Экспорттаушы **

   

- жүк тиеу бекетіндегі жүкті экспортқа кедендік ресімдеуді жүргізеді, сонымен қатар тауарға декларациясын ресімдейді (ТД);

 

4.4.

 

 

Экспорттаушы**

 

- жөнелту бекетінен дәннің бірінші партиясын жөнелтуден екі аптадан кем емес  «Ак Бидай-Терминал» АҚ-ға дәнді жеткізу кестесінжәнежүк партиясын тиеуге Ақтау портына кеме беру күнін бұрын хабарлайды;

 

5 қадам Ақтау теңіз портына жүктің келуі

5.1.

    

Экспорттаушы *

   

- «АХТСП» ҰК» АҚ-ға  астықты ауыстырып тиеу бойынша нысаншылықты орындау үшін порттың аумағына рұқсаттама алуға жазбаша өтініш жолдайды;

 

Өтініш үлгісі еркін түрде (pdf) (вагондардың нөмірі мен астық көлемі көрсетілген вагондардың тізбесі).

5.2.

 

 

Экспорттаушы**

 

    

- дәнді жөнелту сәтінен бастап 48 сағаттан кем емес және жазбаша түрде «Ак Бидай - Терминалы» АҚ-ға күтілетін вагондар  тізілімін жібереді;

 

Вагондар тізілімінде көрсетілуі тиіс: жүк жөнелтушінің, жүк алушының (сатып алушының) атауы, жіберілген күні, жөнелту бекетінің атауы, вагондар нөмірі, теміржол жөнелтпе құжаттардың нөмірлері және оларды көрсетілген бидай салмағы. 

 

5.3

  

Экспорттаушы**

  

-  жүк тиелген порт алымдарын және Астықты порттың аумағына әкелумен байланысты басқа да шығындарды төлейді;

 

 

6 қадамТерминалда жүкті ресімдеу және ауыстырып тиеу

6.1.

  

Экспорттаушы**

   

Ақтау порт станциясында вагондарды пайдалануды (вагонды ашу, жүкті түсіру және қабылдау құқығы) қамтамасыз етеді;

 

6.2.

    

 

Экспорттаушы**

 

      

- Терминалға вагондардың уақытылы берілуін, жинауын, сонымен қатар «КаскорТрансСервис» АҚ арқылы Терминалдың қабылдау құрылғысына вагондарды түсіру мерзімі ішінде үзіліссіз орағыту жұмыстарын қамтамасыз етеді;

 

6.3.

    

Экспорттаушы**

    

- дән зақымдалуын бақылайтын зертханаға әрбір вагоннан жиналған дән сынамаларын өткізуді қамтамасыз етеді (вагондарды түсіру алдында);

 

6.4.

   

Экспорттаушы**

   

- дәннің зақымдалуын анықтаған жағдайда вагонның шығарылуы мен қайта өңдеуін қамтамасыз етеді.

 

6.5.

  

Терминал

  

экспорттаушының астық тасығыш вагондарын қабылдауды жүзеге асырады (шартқа сәйкес);

 

6.6.

 

Терминал

 

- астықты өлшейді және бос силостарға жібереді;

 

6.7.

 

Экспорттаушы***

 

-  Терминалмен келіскен күні тиеуге кеменің берілуін қамтамасыз етеді;

 

6.8.

 

 

 

 

 

Экспорттаушы**

 

      

 

 

 

- кеменің шекаралық,  кеден және фитосанитарлық бақылаудың өтуін қамтамасыз етеді;

- кеменің трюмдарын оның астық тасымалдауға жарамдылығына сюрвейердің тексеруін қамтамасыз етеді;

- кемені фитосанитарлық инспекциямен қаралуын қамтамасыз етеді;

-дәнді тиеуден кейін трюмның дезинсекциясын жасайды.

 

 

6.9.

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Экспорттаушы**

 

  

 

 

 

 

 

 

 

 

-дәнді тиеу алдында ресімдейді және тауармен бірге жіберілетін кеме құжаттарын ресімдейді:

- жүк тапсырмасы;

- вагон тізімдемесі;

- мал дәрігерлік сертификат;

- тауарлар декларациясы;

- ХЖҚК жөнелтпе құжаттары;

- экспорт шартында көзделген басқа да құжаттар (мысалы, Халықаралық инспекциялық компанияның сертификаты);

- қазіргі ҚР заңнамасы мен халықаралық құқық ережелеріне сәйкес дән экспортын і және кемемен кететін барлық тауармен бірге жөнелтілетін құжаттарды ресімдейді.

 

6.10.

 

Терминал

 

Кемеге астықты тиеуді жүзеге асырады;

 

6.11.

 

Экспорттаушы**

 

Кемеде жүкті фумигациялауды қамтамасыз етеді;

 

6.12.

 

Экспорттаушы**

 

Кеменің соңғы драфтын қамтамасыз етеді;

 

6.13.

 

Экспорттаушы**

 

Коносамент,  карго-манифест, квантити санының сертификатын ресімдейді;

Коносаменттің үлгісі

6.14.

   

Экспорттаушы**

   

Порттан шығар алдында кемені тексеретін комиссияны (порт әкімшілігі, кеден, шекара және басқа қызметтер) құруды қамтамасыз етеді;

 

6.15.

Экспорттаушы***

Кемені баратын жеріне жөнелту.

 

 

*       экспорттаушы   бұл операцияларды орындайды;

**  бұл операцияларды экспорттаушы өздігінен немесе экспедитор арқылы жүзеге асыруы мүмкін;

***  бұл операцияларды экспорттаушы немесе сатып алушы жүзеге асырады.

 

Ескертулер:

• дән терминалындағы Жүктің әрбір тоннасын сақтау - қабылдау сәтінен бастап алғашқы 10(он) күнде ақысыз жүзеге асырылады;

• дән терминалындағы Жүктің әрбір тоннасын сақтаудың құны 11-нен (он біріншісінен) 30 (отызыншы) күнге дейін тонна үшін 10 (он) теңгені құрайды, әрі қарай әрбір сақтау күні үшін 31 (отыз бірден) бастап және одан көп болса, әрбір сақтау күні үшін тоннасына 50 (елу) теңге төленеді;

 • келісілген уақытта кеменің келмеуі жағдайында Терминалмен  кейінгі күнді және кеме келуді келісімдемеу жағдайында Экспорттаушы сақтауды төлегеннен басқа, кеменің келу күнін алдын ала келісімдеуден бастап тәулігіне жүктің тоннасы үшін 150 (жүз елу) теңге көлемінде айыппұл комиссиясын төлейді.

Астықты экспорттаушы жүк экспедиторын өз бетімен таңдайды:

98 - «Trans Asian Logistics Group» ЖШС

24 - «Актау Груп» ЖШС

127 - «Caspian Logistic Solutions LTD» ЖШС

145 - «МТО «Каспиан Карго Сервисез» ЖШС

21 - «Caspian Delivery Office» ЖШС

126 - «ИсткомТранс» ЖШС

25 - «Smart Family Group» ЖШС

46 - «ЕМИР ТРАНС ГРУПП» ЖШС

70 - «Терисаккан» ЖШС

110 - «North Services» ЖШС

118/1 - «ИВИТА» ЖШС

Астықты экспорттаушы өз бетінше, экспедиторсыз немесе басқа кез келген экспедиторлық компания арқылы астықты ауыстырып тией алады.