«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ Басқарушы директоры-Басқарма мүшесі

  • М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Құрылыс кәсіпорындарындағы экономика және менеджмент» мамандығы бойынша бітірген, біліктілігі-экономист-менеджер.
  • Еңбек жолын 1999 жылы «Эйр Қазақстан» ЖАҚ-та бастады.

Кейінірек әр жылдары келесі қызметтерді атқарды:

  • 2003 ж. – «Медикус Центр» ЖШС БК қаржы сарапшысы;
  • 2003-2007 жылдары – «Экспорттық кредиттер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру корпорациясы» АҚ бас маманы, Қаржы департаменті директорының орынбасары;
  • 2007 ж. – «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Экономика және қаржы департаменті директорының орынбасары, Қаржы департаменті директорының орынбасары;
  • 2007-2008 жылдары – «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Жоспарлау басқармасының бастығы, Қаржы департаментінің директоры (2007 жылғы шілдеден 2008 жылғы ақпанға дейін Басқарма мүшесі болып сайланды);
  • 2008 ж. – «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарушы директоры;
  • 2008-2012 жылдары – «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары;
  • 2012-2014 жылдары – «ҚБТУ мұнай-газ инжинирингі және ақпараттық технологиялар институты» ЖШС Басқарушы директоры, Қаржы директоры;
  • 2014-2018 жылдары – «Қазақстан-Британ техникалық университеті» АҚ Қаржы-экономикалық департаментінің директоры, Бюджеттік жоспарлау, экономикалық талдау және стратегия департаментінің директоры;
  • 2018 ж. – «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Бюджеттік жоспарлау департаментінің директоры, Басқарушы директор –Басқарма мүшесі;
  • 2019-2022 жылдары – «ҚазАгроҚаржы» АҚ Басқарушы директоры, Басқарма Төрағасының орынбасары;
  • 2022 ж. – «Аграрлық кредиттік корпорациясы» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары;
  • 2022 жылғы 1 желтоқсаннан бастап «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ Басқарушы директоры-Басқарма мүшесі болып сайланды.

Басқарма жұмысына қатысады, «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ Жарғыларында көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асырады. Қазынашылық департаментінің, Бухгалтерлік есеп департаментінің, Қаржы департаментінің қызметіне жетекшілік етеді.

Үлестес ұйымдардың тиесілі акцияларының үлесі жоқ. Жеткізушілер мен бәсекелестердің акциялары жоқ.