2008 жылы Амирабад портындағы (Иран Ислам Республикасы) теңіз портында жылына 700 мың тоннаға дейін ауыстырып тиеу қуаты бар және бір мезгілде 53 мың тонна астық сақтай алатын сыйымдылығы бар астық терминалының құрылысы жөніндегі «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ еншілес ұйымы «Ақ бидай-Терминал» АҚ және ирандық әріптес – «Бехдис Теджерат Альборз» компаниясымен бірлесіп, «Амирабад Грэйн Терминал Киш» ЖШҚ бірлескен кәсіпорны құрылды. Жобаның мақсаты Каспий өңірі елдерінің нарығына және одан әрі әлемдік нарыққа шығу үшін қазақстандық астықтың экспортының көліктік инфрақұрылымын дамыту болды.
Астық терминалы 2010 жылғы шілдеде пайдалануға берілді.
Жоба мәртебесі: іске асырылды
Жобаны тапсыру күні: 2010 жыл
Жоба орны: Амирабад порты, Иран Ислам Республикасы