КОРПОРАЦИЯНЫҢ ҚҰРЫЛУ ТАРИХЫ

1995 жыл

Астықты мемлекеттік сатып алудың жаңа тарихы 1995 жылы басталды. Мемлекеттік ресурстарға астық сатып алу және агроөнеркәсіп кешеніне жаңа несие және төлем механизмдерін дайындау мақсатында Қазақстан Республикасы Министрлер кабинетінің 1995 жылғы 21 наурыздағы № 309 қаулысымен Мемлекеттік азық – түлік келісім шарт корпорациясы құрылды.

1997 жыл

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 24 ақпандағы № 260 қаулысына сәйкес, мемлекеттік ресурстарға астық және одан өңделген өнімдерді сатып алу жүйесін жетілдіру мақсатында Мемлекеттік азық – түлік келісім шарт корпорациясы оның жарғылық капиталына жүз пайыз мемлекеттің қатысуымен «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» жабық акционерлік қоғамы болып қайта құрылды.

2006 жыл

«Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 11 желтоқсандағы № 220 Жарлығын іске асыру жөніндегі іс-шаралар туралы» Қазақстан  Республикасы Үкіметінің   2006 жылғы 23 желтоқсандағы № 1247 қаулысымен «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» акционерлік қоғамының акциялар пакеттерін иелену мен пайдалану құқығы «ҚазАгро» Холдингі» АҚ-қа берілген болатын.

2007 жыл

2007 жылғы 5 шілдеде «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» акционерлік қоғамына «Ұлттық компания» мәртебесі берілді.

2020 жыл

2020 жылғы 12 маусымда – «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ акцияларының 100% пакеті «ҚазАгро» Холдингі» акционерлік қоғамынан республикалық меншікке (ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне) тапсырылды. 2020 жылғы 12 маусымдағы № 7 қабылдау-тапсыру актісі негізінде «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ акциялар пакетін иелену және пайдалану құқығы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне берілді («Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы» ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 27 мамырдағы № 326 қаулысы).