Астық бағасы мен Қытай нарығына шығу мәселелері Eurasian Agricom – 2026 салалық конференциясында талқыланды
«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ басшылығы жыл сайынғы халықаралық астық конференциясы Eurasian Agricom – 2026 шарасына қатысты. Басқарма төрағасы Асылхан Джувашев Азық-түлік келісімшарт корпорациясының ішкі астық нарығын реттеудегі рөліне тоқталып, 2026-2027 маркетинг маусымындағы жағдайдың даму барысына қатысты өз көзқарасымен бөлісті.






