Корпорацияның миссиясы

Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысу және астық нарығы жөніндегі оператордың функцияларын орындау арқылы Қазақстан Республикасының астық саласын дамытуға жәрдемдесу.

Корпорацияның көзқарасы

Астық нарығында мемлекеттің саясатын жүзеге асыратын және корпоративтік басқарудың жоғары стандарттарына сай келетін қаржылық тұрақты, орнықты дамып жатқан операциялық компания.

ҚЫЗМЕТТІҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАҒЫТТАРЫ

01. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және астық нарығын тұрақтандыруға қатысу

1-мақсат. Астықтың резервтік қорын ұстап тұру

  • 1-міндет. Астықтың резервтік қорын сатып алу, сақтау, жаңарту және пайдалану

2-мақсат. Астық пен ӘлМАТ бағасын тұрақтандыруға қатысу

  • 1-міндет. Астық нарығындағы интервенциялар (қажет болған жағдайда)
  • 2-міндет. ӘлМАТ-қа арналған шикізат қорын қалыптастыру және өңірлердің тұрақтандыру қорларын қалыптастыруға жәрдемдесу
  • 3-міндет. Көктемгі егіс жұмыстарын (КЕЖ) жүргізу үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдау

02. Егіс алқаптарын әртараптандыруға және АӨК субъектілерін қаржылық қолдауға жәрдемдесу

1-мақсат. Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының өндірісін ынталандыру

  • 1-міндет. Егіс алаңдарын әртараптандыру

04. АӨК-нің тұрақты жемшөп базасын құруға жәрдемдесу

1-мақсат. Ішкі нарықтың жемшөпке деген қажеттілігін қанағаттандыру

  • 1-міндет. Жемдік қорды қалыптастыру және басқару

05. Астық экспортының дамуына жәрдемдесу

1-мақсат. Астық экспорты көлемінің өсуі және сыртқы өткізу нарықтарында орнығу

  • 1-міндет. Жеткізілімдерді тұрақтандыру және экспорттық операцияларды әртараптандыру
  • 2-міндет. Экспорттық партияларды шоғырландыру
  • 3-міндет. Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымы шеңберінде агенттік функцияларды жүзеге асыру (қажет болған жағдайда)

06. Азық-түлік келісімшарт корпорациясы қызметінің тиімділігін арттыру

1-мақсат. Қаржылық орнықтылықты қамтамасыз ету

  • 1-міндет. Меншікті капитал мен активтерді пайдаланудың тиімділігін арттыру

2-мақсат. Корпоративтік басқару жүйесінің тиімділігін арттыру

  • 1-міндет. Корпоративтік басқарудың үздік тәжірибесін енгізу
  • 2-міндет. Адами капиталды дамыту