«Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ (бұдан әрі – Корпорация) астығын сақтауды «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ Ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау ережелеріне (бұдан әрі – Ереже) сәйкес жүзеге асырады.
Ереже Корпорацияның иелігіндегі астықты сақтауға арналған астық қабылдау кәсіпорындарының (бұдан әрі – АҚК) тізімін (бұдан әрі – тізім) бекіту тәртібін, ауыл шаруашылығы өнімін (бұдан әрі – ауыл шаруашылығы өнімі) сақтауға арналған қоймаларды таңдау тәртібін, ауыл шаруашылығы өнімін сақтауға арналған шарттар жасасу тәртібін, Корпорацияның ауыл шаруашылығы өнімдерінің сандық – сапалық жай-күйін есепке алу мен бақылау тәртібін айқындайды.