Басқарушы директор – «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ Басқарма мүшесі

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Қаржы» мамандығы бойынша, Тараз инновациялық-гуманитарлық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

IPMA жобаларын басқару бойынша сертификатталған маман.

Қаржы, экономика, коммерциялық қызмет және жобаларды басқару салаларында мемлекеттік және инфрақұрылымдық компанияларда көп жылдық жұмыс тәжірибесі бар.

Еңбек жолын 2010 жылы бастап, экономикалық жоспарлау, коммерциялық қызмет, сервистік бағыттарды дамыту және жобаларды іске асыру мәселелерімен айналысатын көлік және инфрақұрылым саласындағы ұйымдарда жұмыс істеді.

Әр жылдары «Ұлттық онкология және трансплантология ғылыми орталығы» АҚ, «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ, «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Нұрлы Жол» теміржол вокзал кешені филиалында қызмет атқарды.

2022-2023 жылдары «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ коммерция департаментін басқарды. 2023-2025 жылдары «Түркістан» халықаралық әуежайы» АҚ экономика бөлімінің басшысы болып жұмыс істеді.

2026 жылғы 12 наурыздан бастап – «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ басқарушы директоры, Басқарма мүшесі.

Басқарма жұмысына қатысады, «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ Жарғысында көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асырады. Қазынашылық департаментінің, Бухгалтерлік есеп департаментінің, Қаржы департаментінің қызметіне жетекшілік етеді.

Үлестес ұйымдардың тиесілі акцияларының үлесі жоқ. Өнім берушілер мен бәсекелестердің акцияларына ие емес.