«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары
- Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «Халықаралық экономика» мамандығы бойынша бітірген, біліктілігі – халықаралық экономист, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан менеджмент, экономика және жоспарлау институтын Master of Business Administration дәрежесімен, Оңтүстік Кореядағы Корея даму институтын Master of Public Policy дәрежесімен бітірген.
- Еңбек жолын 2002 жылы «АТФ Банк» АҚ-та бастаған.
Кейінірек әр жылдары келесі қызметтерді атқарды:
- 2003-2006 жж. – «Экспорттық кредиттер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру корпорациясы» АҚ Андеррайтинг департаментінің андеррайтері;
- 2008-2011жж. – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының кеңесшісі;
- 2011-2012 жж. – Павлодар облысы Ақсу қаласы әкімінің орынбасары;
- 2012-2013 – Павлодар облысы Павлодар қаласы әкімінің орынбасары;
2013-2018 – «Қазагромаркетинг» АҚ Басқарма Төрағасы; - 2018-2019 – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасарының кеңесшісі, Премьер-Министр Кеңсесінің Өңірлік даму бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Индустриалды-инновациялық бөлімі меңгерушісінің орынбасары;
- 2019-2022 – «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Басқарушы директоры;
- 2022 жылғы 22 тамыздан бастап «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» Ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары болып сайланды;
- 2022 жылғы 3 қазаннан бастап «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары болып сайланды.
Басқарма жұмысына қатысады, Басқарма Төрағасы жоқ болғанда оның орнын алмастырады, «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ Жарғыларында көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асырады. Ауыл шаруашылығы өнімдерін есепке алу және сақтау департаментінің, облыстық өкілдіктерінің қызметіне жетекшілік етеді.
Үлестес ұйымдардың тиесілі акцияларының үлесі жоқ. Жеткізушілер мен бәсекелестердің акциялары жоқ.