«Азық-түлік келісімшарт корпорация» ҰК» АҚ Басқарушы директоры – Аппарат басшысы

  • Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтының Алматы филиалын тамәмдаған, біліктілігі инженер–технолог; Мәскеудегі заманауи гуманитарлық институттын «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
  • «Дәнді дақылдарды, бұршақ дақылдарын, жарма өнімдерін, жеміс-көкөніс өнімдерін және жүзім шаруашылығын өңдеу, сақтау және өңдеу технологиясы»мамандығы бойынша техника ғылымдарының кандидаты, диссертацияның тақырыбы: «Астық қабылдау кәсіпорындары мен элеваторларда бидай дәнінің экспорттық партияларын қалыптастыру (Қостанайоблысыныңмысалында)».
  • Еңбек жолын1986 жылы Қостанай астық өнімдері комбинатының құрама жем зауытының шебері болып бастаған.

Кейінірек әр жылдары келесі қызметтерді атқарды:

  • 1986 – 1997 ж. – Қостанай мелькомбинаты («Мелькомбинат» АҚ) өндіріс басшысы;
  • 1997 – 1998 ж. – Қостанай облысы Таран ауданының «Тобыл элеваторы» жабық үлгідегі акционерлік қоғамының президенті;
  • 1998 – 1999 ж. – Қостанай облысы бойынша «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» жабық үлгідегі акционерлік қоғамы өкілдігінің директоры;
  • 1999 – 2004 ж. – Қостанай облысы әкімінің бірінші орынбасары ;
  • 2004 – 2005 ж. – ауыл шаруашылығы департаментінің директоры – Қостанай облысы әкімінің орынбасары, «Қостанай астық Өнімдері» астық компаниясының бас директоры;
  • 2005 – 2006 ж. – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ауылдық аумақтар істері комитеті төрағасының бірінші орынбасары;
  • 2006 – 2007 ж. – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі аппарат басшысы;
  • 2007 – 2009 ж. – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі жауапты хатшысы;
  • 2010 – 2019 ж. – «ҚазАгро «Ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының Басқарушы директоры – аппаратының басшысы – Басқарма мүшесі.
  • 2019 – 2022ж. – «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ Басқарушы директоры – Басқарма мүшесі.

2022 жылдан бастап «Азық – түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ Басқарушы директоры-аппарат басшысы болып тағайындалды.

  • Мемлекеттік награда – «Құрмет» орденімен марапатталған, сонымен қатар «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10, 20, 25 жыл» медальдарының, «Тыңға 50 жыл» мерейтойлық медалінің және «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісінің иегері.
  • Басқарма жұмысына қатысады, Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңымен және «Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ Жарғысымен қарастырылған басқа да міндеттерді орындайды. Корпоративтік Даму және еншілес және тәуелді ұйымдармен жұмыс департаменті, Ақпараттық технологияларды дамыту және қолдау департаменті, Әкімшілік департаменті қызметіне жетекшілік етеді.
  • Үлестес ұйымдардың тиесілі акцияларының үлесі жоқ. Жеткізушілер мен бәсекелестердің акциялары жоқ.