«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары
- Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін «Қаржы және кредит» мамандығы бойынша бітірген, біліктілігі – экономист.
- Еңбек жолын 2003 жылы «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ЖАҚ-та бастады, онда 2009 жылға дейін жұмыс істеді.
Кейінірек әр жылдары келесі қызметтерді атқарды:
- 2009-2011 жылдары – «HSBC Қазақстан банкі» АҚ ЕБ бизнесті дамыту және кредиттеу жөніндегі менеджері;
- 2011-2012жж. – Қазақстан Республикасы Президенті іс басқармасының «Астана-Өнім» АҚ қаржы-экономикалық бөлімінің бастығы;
- 2012-2017 жж. – «Инженерлік-техникалық орталық» АҚ вице-президенті, бас директорының орынбасары;
- 2017-2019 – Қазақстан Республикасы Президенті іс басқармасының «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының инженерлік орталығы» РМК директоры;
- 2019-2022 – Қазақстан Республикасы Президенті іс басқармасының «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы» ММ басшысының орынбасары;
- 2022 жылғы 3 қазаннан бастап «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» Ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары болып сайланды.
Басқарма жұмысына қатысады, Басқарма Төрағасы жоқ болғанда оның орнын алмастырады, «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ Жарғыларында көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асырады.
ӘМАТ бағасын реттеу департаментінің, еншілес және тәуелді қоғамдармен жұмыс және корпоративтік басқару департаментінің қызметіне жетекшілік етеді.
Үлестес ұйымдардың тиесілі акцияларының үлесі жоқ. Жеткізушілер мен бәсекелестердің акциялары жоқ.