2022 жылы ауыл шаруашылығы өнімдерін форвардтық сатып алуға 80 млрд теңге бөлінеді
Ағымдағы жылдың 14 қаңтарынан бастап «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ форвардтық сатып алу бағдарламасы бойынша көктемгі-жазғы дала жұмыстарын жүргізу үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қаржыландыруға өтінімдерді қабылдауды бастады. Бұл еліміздің ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілеріне көктемгі дала жұмыстарына дер кезінде дайындалуға мүмкіндік береді.