Қазақстанның Израильмен АӨК саласындағы ынтымақтастығы қандай мүмкіндіктер ашады

Иерусалимде өткен Қазақстан-Израиль үкіметаралық сауда-экономикалық ынтымақтастық комиссиясының он бірінші отырысында тараптар цифрлық және су үнемдегіш технологиялардың қолданысын, сондай-ақ агроэкспорт перспективаларын талқылады. 

«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ кеңсе үй-жайларын мүліктік жалға (жалға алуға) беру бойынша тендер жариялайды

«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ Қостанай қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 147 мекенжайында орналасқан, Қоғамға тиесілі бос кеңсе үй-жайларын мүліктік жалдау (жалға беру) шартымен беру бойынша тендер өткізілетінін хабарлайды.

Moody’s Азық-түлік келісімшарт корпорациясының кредиттік рейтингін B1 деңгейіне дейін көтеріп, позитивті болжамын сақтап қалды

Moody’s Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ-ның корпоративтік кредиттік рейтингін B2-ден B1 мәніне дейін көтеріп, болжамын позитивті деңгейде сақтап қалды. Агенттіктің бұл шешімі ұлттық астық операторының қаржылық жағдайының едәуір жақсарғанын растап, оның кредиттік қабілетінің одан әрі нығаю әлеуетін көрсетеді. 

Азық-түлік келісімшарт корпорациясының Қоғамдық кеңесі астық саласында талқыланатын мәселелер аясын кеңейтеді

Қазақстанның Республика күні қарсаңында Азық-түлік келісімшарт корпорациясының кеңсесінде Қоғамдық кеңестің отырысы өтті. Қатысушылар аграршыларды қолдау нәтижелерін, 2026 жылғы ауыл шаруашылығы өнімдерін форвардтық сатып алу барысын, сондай-ақ ішкі нарыққа және экспортқа астық жеткізудің аралық қорытындылары мен алдағы жоспарларын талқылады.

Аграршылар Азық-түлік келісімшарт корпорациясына форвардтық келісімшарттар бойынша 135 мың тонна астық өткізді

Фермерлік шаруашылықтар жаңа өнімнен 135 мың тонна астықты Азық-түлік келесімшарт корпорациясының ресурстарына өткізді. Бұл 2026 жылғы ауыл шаруашылығы өнімдерін форвардтық сатып алу бағдарламасы бойынша келісімшарт жасалған жалпы көлемнің үштен бір бөлігіне жуық.

Дүниежүзілік нан күні: Азық-түлік келісімшарт корпорациясы елді астықпен қамтамасыз етуге қалай үлес қосады

16 қазанда Дүниежүзілік нан күні атап өтіледі. Бұл күн миллиондаған отбасының күнделікті дастарқанынан табылатын ең үйреншікті өнімдердің бірінің қадірін еске салады.
Нанның жолы дәннен басталады. Астықтың сапасы, жиналған өнім көлемі мен қордың сақталуы тұтас елдердің азық-түлік тұрақтылығына әсер етеді. Сондықтан бидай халықаралық биржаларда саудаланады, оның бағасы нарық үшін бағдар болады. Ал халықаралық ұйымдар астық өндірісін, тұтыну көлемі мен қорын үнемі қадағалап отырады.

Азық-түлік келісімшарт корпорациясы Оманға астық жеткізуді және Қазақстанда стратегиялық резерв құруды ұсынды

«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Асылхан Джувашев Астанада өткен Қазақстан-Оман іскерлік форумында Таяу Шығысқа астық жеткізу бағыттарын әртараптандыру және өңірлік азық-түлік қауіпсіздігін нығайту үшін Қазақстанның әлеуетін белсенді пайдалануды ұсынды.

Астық бағасы мен Қытай нарығына шығу мәселелері Eurasian Agricom – 2026 салалық конференциясында талқыланды

«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ басшылығы жыл сайынғы халықаралық астық конференциясы Eurasian Agricom – 2026 шарасына қатысты. 
Басқарма төрағасы Асылхан Джувашев Азық-түлік келісімшарт корпорациясының ішкі астық нарығын реттеудегі рөліне тоқталып, 2026-2027 маркетинг маусымындағы жағдайдың даму барысына қатысты өз көзқарасымен бөлісті. 

Азық-түлік келісімшарт корпорациясы 2026 жылғы астық бағасын жариялайды

Азық-түлік келісімшарт корпорациясы форвардтық сатып алу бағдарламасы бойынша қаржыландыру алған аграршылардан 2026 жылғы астықты қабылдауға кірісті. Ауыл шаруашылығы өндірушілерін қолдау мақсатында астық құнының маусымдық төмендеуі аясында ұлттық астық операторы агроөнімге әділ сатып алу бағаларын белгіледі.

Азық-түлік келісімшарт корпорациясы 62,7 млрд теңгеге облигацияларды төледі

«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ жалпы сомасы 62,7 млрд теңгеге орта мерзімді облигациялардың екі шығарылымы бойынша міндеттемелерді толық орындады. Инвесторларға төлемдер 2026 жылдың тамыз айының соңында төленді.