2022 жылдың 24 ақпанында «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» ҰК» АҚ (бұдан әрі- Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы) Қоғамдық кеңесінің Төрағасы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Бауржан Мейрамбекұлы Сартбаевтың төрағалық етуімен Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті.
Отырыс барысында Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы Қоғамдық кеңесінің 2022 жылға арналған жұмыс жоспары, Азық-түлік келісім-шарт корпорациясының 2021-2030 жылдарға арналған даму жоспары, Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы Қоғамдық кеңесінің хатшысын қайта сайлау талқыланды.