«Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ Қызылорда облысында күріш жармасын форвардтық сатып алу бойынша пилоттық жобаның іске қосылғаны туралы хабарлайды
Ағымдағы жылы «Азық-түлік корпорациясы «ҰК» АҚ Қызылорда облысының әкімдігімен бірлесіп «Байқоңыр» ӘКК немесе ЕДБ кепілдігімен облыста күріш жармасын форвардтық сатып алу бойынша пилоттық жобаны іске қосады. Пилоттық жобаның негізгі мақсаты күріш өсіретін АШТӨ-ні қаржылай қолдау болып табылады, бұл фермерлерге шала күрішін өндіру бойынша көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге және осы өнімді одан әрі күріш жармасына өңдеуге мүмкіндік береді.