«Азық-түлік келісім шарт корпорациясының»Басқарма Төрағасы агроөнеркәсіп кешенін дамыту мәселелерін талқылауға қатысты
«Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Асылхан Джувашев Ауыл шаруашылығы министрлігінде өткен «Аграрлық салада Мемлекет басшысының Жолдауында көзделген реформаны жүргізу» мәселелеріне арналған кеңеске қатысты. Іс-шара аясында ол Корпорация қызметінің 2023 жылғы қорытындысы мен биылғы жылға арналған жоспарларын, сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру бағытындағы жоспарларды таныстырды.