Ауыл шаруашылығы өнімдерін экспортқа шығаруға жәрдемдесетін пилоттық жоба іске қосылды
Азық-түлік келісім шарт корпорациясы шаруалардың экспорттық операцияларға қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорттық партияларын бір жерге шоғырландыратын пилоттық жобаның іске қосылғаны жөнінде хабарлайды. Жоба аясында ауыл шаруашылығы өнімдерінің тауарлық партиясы бір элеваторға жиналып, сол жерден өнім экспортқа жіберіледі. Пилоттық жоба аясында 2023 жылғы классқа жатпайтын бидай партиялары шоғырландырылады.