Азық-түлік келісімшарт корпорациясы жаңа өңдеу зауыттарына астық жеткізу мүмкіндіктерін қарастыруда
«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» АҚ және KAZAKH INVEST ұлттық компаниясының өкілдері қытайлық серіктестер – Fufeng Group Limited және Dalian hesheng Holdings Group компанияларымен инвестициялық келісімдерге қол қоюға дайындық шеңберінде ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Тараптар ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласында ірі жобаларды іске асыру келешегін қарастырды.