Азық-түлік келісімшарт корпорациясында мемлекеттік тілді ілгерілету бойынша цифрлық жобалар таныстырылды
Азық-түлік келісімшарт корпорациясының кеңсесінде «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының, мемлекеттік тілді дамыту қорының және Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитетінің өкілдерімен кездесу өтті. Іс-шараның басты тақырыбы мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту және мәртебесін арттыру болды.

