Азық-түлік келісімшарт корпорациясы мен TRAMITE GROUP итальяндық компаниясы қазақстандық агроөнімдерді жеткізу перспективаларын талқылады

«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Асылхан Джувашев TRAMITE GROUP итальяндық компаниясының басшысы Джанантонио Траметпен келіссөздер жүргізді. Кездесу барысында тараптар қазақстандық астықты, майлы дақылдарды және басқа да агроөнімдерді Италия нарығына жеткізу саласындағы ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады.