Астықты тасымалдауға байланысты шығындарды азайтуға арналған субсидия төлемдерінің орындалу барысы туралы ақпарат
2025 жылғы 13 маусымдағы жағдай бойынша, Азық-түлік келісімшарт корпорациясы экспорттаушылар мен астық өндірушілерге 267,9 мың тонна бидай жеткізгені үшін 6 млрд теңге төледі. Тасымалдау шығындарын өтеу үшін барлығы 356 өтінім келіп түсті. Экспорттық жеткізілімдердің жалпы көлемі 765,1 мың тоннаны құрап, 17,3 млрд теңгеге бағаланды.

