Азық-түлік келісімшарт корпорациясы Ауғанстанмен сауда және аграрлық ынтымастықты кеңейту жөніндегі келіссөздерге қатысты

«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ басқарушы директоры Ильдар Исмагулов Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу бастаған қазақстандық үкіметтік делегация құрамында Кабул қаласына жұмыс сапарымен барды.