Азық-түлік келісімшарт корпорациясы 14 млрд теңгеге қысқа мерзімді облигацияларды өтеді

«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ 2024 жылдың жазында орналастырылған қысқа мерзімді облигациялар бойынша төлемдерді аяқтады. Өтем жалпы сомасы 14 млрд теңгені құрады, оның 13 млрд – негізгі қарыз, тағы 1 млрд – купондық сыйақы.