Астықты тасымалдауға байланысты шығындарды азайтуға арналған субсидия төлемдерінің орындалу барысы туралы ақпарат

2025 жылғы 19 шілдедегі жағдай бойынша, Азық-түлік келісімшарт корпорациясы экспорттаушылар мен астық өндірушілерге 409,6 мың тонна бидай жеткізгені үшін 9,1 млрд теңге төледі. 2025 жылғы 19 шілдедегі жағдай бойынша тасымалдау шығындарын өтеу үшін барлығы 537 өтінім түсті. Экспорттық жеткізілімдердің жалпы көлемі 1,2 мың тоннаны құрап, 28,2 млрд теңгеге жетті.