«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған әдеби кеші өтті

Елімізде жыл сайын 10 тамызда Абай күні атап өтіледі. Биыл қазақ даласының ұлы ақынына 180 жыл толып отыр. Осы атаулы күнге орай Корпорация қызметкерлері арасында «Жүрегімнің төріндегі Абай» атты әдеби кеші өткізілді.