Ауыл шаруашылығы өндірушілеріне қолдауды күшейту: астықтан майға дейін

Президенттің ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуді дамыту мен өндірудің, сақтаудың және өткізудің тиімді жүйесін құру жөніндегі тапсырмасы шеңберінде Азық-түлік келісімшарт корпорациясы күнбағысты үшжақты форвардтық сатып алу жобасын іске асыруда. Биыл 19,9 мың тонна күнбағыс тұқымын жеткізуге 1,6 млрд теңгеге шарттар жасалды. Бағдарламаға Қазақстанның төрт облысынан 19 ауыл шаруашылығы өндірушілері қатысады.