Азық-түлік келісімшарт корпорациясының басшысы элеваторлардың 2025 жылғы егінді жинауға дайындық барысын тексерді

Азық-түлік келісімшарт корпорациясы элеваторлардың жаңа өнім жинауға барынша дайын болуын қамтамасыз ету үшін астық жөнелтуді жалғастыруда. Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Ақмола облыстары елдің басты астық өндірушілері ретінде ұлттық оператордың назарында.