Moody’s Ratings агенттігі «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ рейтингі бойынша болжамды «оңға» дейін көтерді
Moody’s Ratings халықаралық агенттігі ұлттық астық операторының корпоративтік рейтингінің болжамын «тұрақтыдан» «оңға» өзгертті. Бұл ретте компанияның сенімділік көрсеткіші B2 (орташа-жоғары тәуекел) деңгейінде расталды, ал дефолт ықтималдығы рейтингі B2-PD деңгейінде қалды. Компанияның негізгі кредиттік бағалауы (BCA) Сaa1 деңгейінде сақталды.

