Ауғанстан Қазақстаннан жыл сайын 1 млн тоннаға дейін жүгері сатып алуға дайын

«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Асылхан Джувашев хабарлағандай, қыркүйек айында ұлттық астық операторы Гераттағы Қазақстанның Сауда үйінің қолдауымен қазақстандық және ауғандық кәсіпкерлер үшін келіссөздер ұйымдастырды. Кездесу қорытындысы бойынша 100 млн доллардан астам сомаға келісімдер жасалды. Бүгінде қазақстандық экспорттаушылар жасалған келісімшарттар шеңберінде Ауғанстанға 50 мың тонна астық жөнелтті.