Азық-түлік келісімшарт корпорациясы мен Түрік астық басқармасы ұзақ мерзімді ынтымақтастық туралы уағдаласты
Мерсин қаласында өткен Agrofood Summit 2025 аграрлық конференциясының аясында «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Ильдар Исмагулов пен Түрік астық басқармасының (ТМО) бас директоры Ахмет Гулдал стратегиялық әріптестікті нығайтуға арналған келіссөздер жүргізді.

