Азық-түлік келісімшарт корпорациясының көмегімен азықтық ұн партиясы Қытайға жіберілді
«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ сататын агроөнімдердің экспорттық партияларын шоғырландыру бағдарламасы шеңберінде Қытайға кезекті 7 мың тонна жемдік ұн жөнелтілді. Жөнелтуді «Қапшағай бидай өнімдері» ЖШС жүзеге асырды, импорттаушы қытайлық Shandong Hi-Speed Qilu International Port Development компаниясы болды.

