Азық-түлік корпорациясы қытайлық серіктестермен ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі
«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Самат Теңбаев Циндао қаласы мен Қазақстан Республикасы арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық форумына қатысты. Іс-шара бірлескен жобаларды, оның ішінде астық саласындағы жобаларды дамыту перспективаларын талқылау алаңына айналды.

