«Ақ Бидай-Терминал» арқылы астықты ауыстырып-тиеу 72%-ға ұлғайды
2025 жылы Азық-түлік келісімшарт корпорациясының еншілес кәсіпорны – «Ақ Бидай-Терминал» АҚ арқылы астықты ауыстырып-тиеу көлемі 316,5 мың тоннаға жетті. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 72%-ға артық (182,1 мың тонна).

