Азық-түлік келісімшарт корпорациясы тікелей сатып алу бағдарламасы бойынша дәнді және майлы дақылдарды қабылдауды жалғастыруда

Салық заңнамасының өзгеруі және агроөнімге ішкі бағалардың құбылмалылығы мемлекеттік қолдау шараларының маңызын күшейтеді. Осыған байланысты Азық-түлік келісімшарт корпорациясы 2024-2025 жылдары астық және майлы дақылдарды ең көп сұранысқа ие тетіктердің бірі – тікелей сатып алу бағдарламасы бойынша қабылдауды жалғастыруда.