Азық-түлік келісімшарт корпорациясы аграршыларды маржалық дақылдарға көшуге және агротехнологиялардың тиімділігін арттыруға ынталандырады
2025 жылдан бастап Азық-түлік келісімшарт корпорациясы қызыл жасымық өндірісін ұзақ мерзімді форвардтық қаржыландыруға өтінімдер қабылдайды. Пилоттық жоба БҰҰДБ-мен бірлесіп «Ауыл шаруашылығы өндірісінің орнықты жүйесін ілгерілету және Солтүстік Қазақстан ландшафтының экожүйелерін сақтау» бағдарламасы шеңберінде іске асырылуда.

