Азаматтығы: Қазақстан Республикасы
Туған жері: ҚазКСР, Алматы
Білімі, мамандығы (біліктілігі), лицензиялары:
- Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университеті , Алматы (1997) экономист, әлемдік экономика саласындағы маман.
- Қазақ мемлекеттік заң академиясы, Алматы (2001) , заңгер
- Ресей Федерациясы Президентінің Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік басқару академиясы, Мәскеу (2019 ж.)
- Exekutive MBA «Евроменеджмент» – Іскерлік әкімшілендіру магистрі – Master of Business Administration (MBA)
Еңбек өтілі:
- Еңбек жолын 1998 жылы Алматы қаласы Медеу ауданы әкімшілігінде экономика және нарықтық экономика бөлімінің жетекші маманы болып бастады, содан кейін экономика және нарықтық қатынастар бөлімінің бас маманы және кәсіпкерлікті дамыту және қолдау бөлімінің жетекші маманы болып жұмыс істеді.
- Одан кейін 1999-2000 жылдар аралығында «Қазагропромбанк» АҚ Қазынашылықтың белсенді және пассивті операциялар департаментінің 2 және 1 санатты маман және өтімділікті басқару бөлімінің бастығы болып жұмыс атқарды.
- 2001-2010 жылдар аралығында еңбек жолын «БТА Банкі» АҚ-да Бөлшекті бизнес басқармасының бөлшекті несиелеу бөлімінің жетекші маманы қызметінен бастады. Содан кейін бас маман, Бөлшекті бизнес басқармасының бөлшекті несиелеу бөлімінің басшысы, Бөлшекті несиелеу әдіснамасы басқармасының басшысы, Сатудан кейінгі қызмет көрсету басқармасының басшысы, Бөлшек сауда департаментінің Несиелеу басқармасының басшысы қызметтерін атқарды.
- 2010-2012 жылдары «СК-Фармация» ЖШС әкімшілік бөлімінің басшысы болып жұмыс істеді.
- 2012-2013 жылдары «БТА Банкі» АҚ ББД бөлшекті несиелеу басқармасының басшысы болды.
- 2013-2014 жылдары «Бәйтерек» ҰБХ АҚ Активтерді басқару және корпоративтік даму департаментінің бас менеджері болды.
- 2014-2020 жылдары «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Басқарушы директоры және Басқарма төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді.
- 2020 жылдан 2021 жылға дейін «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Басқарушы директоры болып жұмыс істеді.
- 2021 жылдың қыркүйегінен 2022 жылдың маусымына дейін «Қазақтелеком» АҚ филиалы «ТелеКомплект» дирекциясының қаржы директоры болып жұмыс істеді.
- 27.07.2022 ж. – «Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі.