Туған күні: 18 ақпан 1986 жыл.

Туған жері: Алматы қаласы.

 Білімі, мамандығы (біліктілігі):

  • КИМЭП университеті.
  • Лондонның Корольдік колледжі (King’s College London), «Компьютерлік технологиялар» (Computer Science) мамандығы.

  Жұмыс тәжірибесі:

  • Еңбек жолын 2008 жылы «Нұрбанк» АҚ Инвестициялық банкинг басқармасының жоба менеджері қызметінен бастады.
  • 2009 – 2010 жылдары «Нұр-Траст» АҚ тәуекелдер бөлімінің бастығы болып жұмыс істеді.
  • 2010 – 2011 жылдары Бухарест қаласындағы The Rompetrol Group компаниясында аға тәуекел менеджері болды.
  • 2012 – 2015 жылдары Rompetrol Gas SRL бас директорының орынбасары қызметін атқарды.
  • 2015 – 2023 жылдары «Транстелеком» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары, кейін Басқарма төрағасы қызметтерін атқарды.
  •  2023 – 2024 жылдары «Новопэк» компаниялар тобының бас директоры.
  • 2025 жылдан бастап Altair Capital Бақылау кеңесінің төрағасы қызметін атқарады.
  • 2026 жылы Freedom Cloud Holding компаниясының тәуелсіз директоры болып сайланды.
  • 2026 жылы 21 қазанда «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды.

Елнар Адайбеков корпоративтік басқару, стратегиялық даму, тәуекелдерді басқару жүйесі, цифрлық трансформация, ұйымдастырушылық тиімділікті басқару және бизнесті халықаралық деңгейде дамыту салаларында кәсіби тәжірибеге ие.