- «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 16-бабына сәйкес квазимемлекеттік сектор субъектілерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтердің функцияларын орындайтын құрылымдық бөлімшелер айқындалады, олардың негізгі міндеті ұйымның және оның қызметкерлерінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ҚР заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету болып табылады.
- «Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметі өз өкілеттігін атқарушы органға, Қоғамның лауазымды адамдарына қарамастан өз өкілеттігін жүзеге асырады, Директорлар кеңесіне есеп береді және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптарын сақтауды қамтамасыз ету кезінде тәуелсіз болып табылады.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет қызметінің негізгі мақсаты «Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) мен оның қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралардың іске асырылуына мониторинг жүргізу болып табылады. Барлық жұмыскерлер арасында ашықтықты, адалдықты қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасының стандарттарына, ішкі саясаттары мен заңнамаларына сәйкес Қоғам қызметіне бейтарап және объективті бақылау мен қадағалауды жүргізу үшін жағдайлар жасайтын Қоғамның ішкі корпоративтік мәдениетін қалыптастыру.
- Қоғам жұмыскерлері тарапынан алаяқтық мінез-құлық тәуекелдерінің алдын алу және азайту мақсатында кері байланыс жолға қойылды.
- Кері байланыс арқылы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметке Қоғамның мүдделеріне нұқсан келтіруі немесе беделіне нұқсан келтіруі мүмкін Қоғам жұмыскерлерінің орынсыз мінез-құлқының белгілі немесе ықтимал фактілері туралы хабарлауға болады.
- Қоғамның Іскерлік әдеп кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, кемсітушілік, этикаға жат мінез-құлық және өзге де бұзушылықтар туралы хабарлай аласыз.
- Әрбір хабарлама міндетті түрде тексеріледі. Хабарламаның анонимділігі қарастырылғанына назар аударамыз, бірақ егер сіз байланыс ақпаратын қалдырсаңыз, біз сізге қарау нәтижелері туралы хабарлаймыз. Әрбір хабарлама міндетті түрде тексеріледі.
- Өзіңіздің хабарламаңызды «591284@fcc.kz» почтасына жібере аласыз. Өтінішті жібермес бұрын ұсынымдармен танысуыңызды сұраймыз.
- Комплаенс мәселелері бойынша сенім телефоны: +7-7172-59-12-84, оператор қоңырауларды дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін қабылдайды.
«Азық-түлік корпорациясы «ҰК»АҚ корпоративтік жанжалдар мен мүдделер қақтығысын реттеу жөніндегі қағидалар
1 file(s) 70.00 KB
«Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ Іскерлік этика кодексі
1 file(s) 144.50 KB
«АЗЫҚ-ТҮЛІК КОРПОРАЦИЯСЫ» ҰК» АҚ комплаенс – саясаты
1 file(s) 66.50 KB
«Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты
1 file(s) 221.58 KB
«Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметі туралы ереже
1 file(s) 304.17 KB
«Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясаты
1 file(s) 360.64 KB