«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ (бұдан әрі – Корпорация) өзінің экономикаға, экологияға және қоғамға ықпалының маңыздылығын түсінеді, ұзақ мерзімді құнның өсуіне ұмтыла отырып, мүдделі тараптардың мүдделерінің тепе-теңдігін сақтай отырып, ұзақ мерзімді кезеңде өзінің тұрақты дамуын қамтамасыз етеді. Мүдделі тараптармен жауапты, ойластырылған және ұтымды қарым-қатынас жасау тәсілі корпорацияның тұрақты дамуына ықпал етеді.
Корпорация өз қызметін жүзеге асыру барысында мүдделі тараптардың ықпалын тигізеді немесе сезінеді.
Мүдделі тараптар корпорацияның қызметіне оң және теріс әсер етуі мүмкін, атап айтқанда корпорация құнының өсуі, тұрақты даму, бедел мен имидж, тәуекелдерді құру немесе азайту. Корпорация мүдделі тараптармен тиісті өзара әрекеттесуге үлкен мән береді.
Корпорациядағы тұрақты даму үш компоненттен тұрады: экономикалық, экологиялық және әлеуметтік.