2006 жылы Баку теңіз портында әзірбайжандық серіктес – «Planet-L» компаниясы мен «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ еншілес ұйымы «Ақ бидай-Терминал» АҚ бірлесіп, жылына 350 мың тоннаға дейін ауыстырып тиеу қуаты бар және бір мезгілде 15 мың тонна астық сақтай алатын сыйымдылығы бар астық терминалының құрылысы жөніндегі «Баку астық терминалы» ЖШҚ бірлескен кәсіпорны құрылған болатын. Жобаның мақсаты Әзірбайжанның перспективалық нарығына бағдарланған қазақстандық астықтың экспортының көліктік инфрақұрылымын дамыту болды.

Астық терминалы 2007 жылы сәуірде іске қосылды.

Жоба мәртебесі: іске асырылды

Жобаны тапсыру күні: 2007 жыл

Жоба орны: Баку порты, Әзірбайжан

2009 жылы жұмыс істеп тұрған «Баку астық терминалы» ЖШҚ аумағында тәулігіне 150 тонна өндірістік қуаты бар ұн тарту кешені салынып, қолданысқа енгізілді. Жоба Әзірбайжан нарығына астықтың қайта өңделген өнімдерін шығаруды қамтамасыз етуге, сондай-ақ өндірістің әртараптануының нәтижесінде экономикалық тиімділікті арттыруға бағытталған.

Жоба мәртебесі: іске асырылды

Жобаны тапсыру күні: 2009 жыл

Жоба орны: Баку порты, Әзірбайжан