Соңғы лауазымы: ҚР ҚМ Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті төрағасының орынбасары

Туған жері: ҚазССР; Қостанай облысы; Амангелді ауданы; Сарытұрған ауылы

Тілдерді меңгеруі:

  • Қазақ, орыс

Білімі, мамандығы (біліктілігі), лицензиялары:

  • С. Сейфуллин атындағы Ақмола аграрлық университеті (2002). «Экономист-менеджер» мамандығы
  • А.Байтұрсынов ат. Қостанай мемлекеттік университеті. «Құқықтану» мамандығы
  • Еңбек өтілі:
  • «Қазақстан Республикасының Заңнама институты» ЖАҚ криминологиялық сараптама бөлімінің кіші ғылыми қызметкері (2003-2005);
  • Экономист, «АБК-Құрылыс» корпорациясы» ЖШС бөлім басшысы, Астана қаласының «АБК Құрылыс-монтаж басқармасы-3» ЖШС жетекші және бас экономисі, бөлім басшысы (2005-2007);
  • Астана қаласының «Билд Инвестментс групп» АҚ директорлар кеңесі төрағасының көмекшісі, «BI GroupAlmaty» ЖШС, «АБК Пласт» ЖШС бөлім басшысы, «Terra Plus.kz» ЖШС экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры, Астана қаласы (2007-2010);
  • Қостанай облысы Таран ауданы әкімінің орынбасары (07.2010-2012);
  • Қостанай облысы Қамысты ауданының әкімі (09.2012-06.2013);
  • Қостанай мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшысы (2016);
  • «ҚР ҚМ Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Нұр-сұлтан қаласының мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті» ММ басшысы (09.2016);
  • ҚР ҚМ Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті төрағасының орынбасары

Басқа лауазымдар:

  • «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» Ұлттық компаниясы» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі (30.04.2021 ж. бастап)

Мемлекеттік және халықаралық наградалар, сыйлықақылар, құрметті атақтар:

  • «Құрмет» ордені (29.11.2019);
  • Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің құрмет грамотасы (09.12.2019)