Туған күні: 27 қараша 1963 жыл.
Туған жері: Шығыс-Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы, Берел ауылы.
Білімі, мамандығы (біліктілігі):
2002 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Экономист-менеджер» мамандығы бойынша бітірді.
Еңбек қызметі:
- 1990-1993 жылдары Зырян қаласындағы Райкоопзаготпромторгта дайындаушы болып жұмыс істеді.
- 1993-997 жылдары Зырян қаласындағы «Арлан» шағын жеке кәсіпорнының директоры болды.
- 1997-1999 жылдары Зырян қаласындағы «Найман» ЖШС директоры болды.
- 1999-2003 жылдары «Өскемен ұн тарту комбинаты» ЖШС директоры болып жұмыс істеді.
- 2003-2007 жылдары Өскемен қаласындағы «АК-Нур Холдинг» ЖШС директоры болды.
- 2007-2019 жылдары Өскемен қаласындағы «ВостокАгроХолдинг» ЖШС-не басшылық етті.
- 2019-2020 жылдары «Шығыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ басшысының міндетін атқарды.
- 2020-2023 жылдары «Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты» ММ-де Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
- 2023 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «ВостокАгроХолдинг» ЖШС директоры болып жұмыс істейді.
- 2026 жылдан бастап Қазақстанның АӨК дамыту жөніндегі қоғамдық кеңесінің төрағасы, сондай-ақ «Атамекен» ҰКП АӨК комитетінің төрағасы қызметін атқарады.
- № 33 Зырян сайлау округінен IV, V, VI шақырылымдардағы Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты болып сайланды. «Қазақстан фермерлер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Шығыс Қазақстан облыстық филиалына басшылық етті.
- Шығыс Қазақстан облысының Катонқарағай ауданы мен Алтай ауданының құрметті азаматы.
- 2026 жылғы 21 қазанда «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды.
- Мемлекеттік наградалары: «Құрмет» ордені (2011 ж.), «Парасат» ордені (2025 ж.), сондай-ақ «Еңбек ардагері» медалі (2023 ж.).

