«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ Басқарушы директоры-Басқарма мүшесі

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетін «Агроинженерия» мамандығы бойынша ауыл шаруашылығы бакалавры біліктілігімен. Астана университетін «Экономика» мамандығы бойынша бітіріп, Экономика және бизнес магистрі академиялық дәрежесін алды.

Еңбек жолын 2012 жылы «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ Инвестициялық жобалар департаментінің менеджері лауазымында бастады.

Кейінірек, әр жылдары «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ келесі қызметтерді атқарды:

2013 ж. – Еншілес және тәуелді ұйымдармен жұмыс департаментінің менеджері;

2014 ж. – Астық ресурстарын басқару департаментінің менеджері;

2017 ж. – Солтүстік Қазақстан облыстық өкілдігі директорының орынбасары;

2020-2023 жж. – Солтүстік Қазақстан облыстық өкілдігінің директоры.

2023 жылғы 6 желтоқсаннан бастап «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ Басқарушы директоры – Басқарма мүшесі болып сайланды.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ведомстволық наградасы – «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталған (2022 ж.)

Басқарма жұмысына қатысады, «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ Жарғыларында көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асырады. Ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алу департаменті мен облыстық өкілдіктердің қызметіне жетекшілік етеді.

Үлестес ұйымдардың тиесілі акцияларының үлесі жоқ. Жеткізушілер мен бәсекелестердің акциялары жоқ.