«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ Басқарушы директоры-Басқарма мүшесі

Құқық және нарық академиясын «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген, біліктілігі – заңгер.

Еңбек жолын 2003 жылы «Западный бастион» жауапкершілігі шектеулі қоғамнының Көкшетау өкілдігінде заңгер болып бастаған.

Кейін әр жылдары «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ және жеке компанияларда келесі қызметтерді атқарды:

2004-2007 жж. – «Дастан» ЖШС директорының құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі;

2007 ж. – «Eurasian Consulting Group» ЖШС заңгері;

2007-2008 жж. – «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ Заң департаментінің Құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің жетекші маманы;

2008-2009 жж. – «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ Заң қызметінің құқықтық қамтамасыз ету тобының сарапшысы;

2009-2010 жж. – «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ Заң қызметінің Шарттық жұмыс тобының сарапшысы;

2010 ж. – «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ Заң департаментінің Шарттық жұмыс бөлімінің сарапшысы;

2010-2011 жж. – «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ Сату бөлімінің бас сарапшысы;

2011-2012 жж. – «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ Астық ресурстарын басқару бөлімінің жетекші менеджері;

2012-2013 жж. – «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ Астық ресурстарын басқару бөлімінің бас менеджері;

2013-2014 жж. – «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ Коммерциялық департаментінің директорының міндеттерін атқарушы;

2014-2015 жж. – «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ Солтүстік Қазақстан облыстық өкілдігінің директоры;

2015-2017 жж. – «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ Астық ресурстарын басқару департаментінің директоры;

2017-2018 жж. – «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ Ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алу және қайта өңдеу департаментінің директоры;

2018 ж. – «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ Экспорттық келісімшарттар департаментінің директоры;

2018-2020 жж. – «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ Коммерциялық департаментінің директоры;

2020-2022 жж. – «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ Ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алу және өткізу департаментінің директоры;

2022-2023 жж. – «KazFoodProducts» ЖШС астық дивизионың басшысы;

2022-2023 жж. – «Самал Финанс» Несие серіктестігі» ЖШС Операциялық бөлімінің жетекші менеджері;

2023 жылғы 6 желтоқсаннан бастап «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ Басқарушы директоры – Басқарма мүшесі болып сайланды.

Басқарма жұмысына қатысады, «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ Жарғыларында көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асырады. «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ Қытай Халық Республикасындағы өкілдігі, Заң департаменті, Ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу департаментіне қызметіне жетекшілік етеді.

Үлестес ұйымдардың тиесілі акцияларының үлесі жоқ. Жеткізушілер мен бәсекелестердің акциялары жоқ.